• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 15:07

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады

20 рет
көрсетілді

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасын тергеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министрдің айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары соңғы сатыға жеткен.

«Алматыдағы жол-көлік оқиғасына қатысты іс аяқталу сатысында тұр. Алдағы күндері іс материалдары алдымен жәбірленуші тарапқа танысу үшін ұсынылады, одан кейін күдікті мен оның қорғаушысына беріледі», деді Санжар Әділов.

Айта кетейік, оқиға 21 наурыз күні Әл-Фараби даңғылы бойында болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде қарсы бағытқа шыққан Zeekr көлігі Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктегі үш адам оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына қамалған. Бұған дейін ол медициналық мекемеде күзетпен болғаны хабарланған.

Заң бойынша, бұл іс бойынша кінәлі деп танылған жағдайда 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына байланысты жасаған мәлімдемесінде бірнеше полиция басшысының қызметінен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар