Петропавл қаласында көлік қағып кеткен 12 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 25 мамыр күні 20:16-да Потанин көшесінде болған. Алдын ала дерек бойынша, 24 жастағы жүргізуші Porsche Cayenne маркалы көлігімен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Ауыр жарақат салдарынан 12 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапқан.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.
Құзырлы органдардың мәліметінше, жүргізуші туысының көлігін тізгіндеген. Оқиғадан соң кінәлі уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Өз әйелін аяусыз қағып өлтірген полицей қамауға алынды
Еске сала кетейік бұған дейін Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетіп, бойжеткен оқиға орнында көз жұмған еді.