• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:43

Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Павлодар облысының оқушысы негізгі ҰБТ-да 140 балл жинап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі с «Математика-География» пәндер комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырған. Ол бес пән бойынша максималды 140 балл жинаған.

«Мен 11-сыныптың басынан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Дәл сол кезде болашақ мамандығымды нақты таңдадым. Алдағы уақытта Maqsut Narikbayev University-не «Менеджмент» мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін», деді ол.

89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді: Биыл қай мамандықтарға басымдық берілді?

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сыныптас екі оқушының 140 балл жинағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар