• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 02:05

Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен тізе бүктірді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Сенегал құрамасы алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесуде 3-1 есебімен Франция командасы айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен ойынның алғашқы таймында ешкім гол соға алмады. Тек екінші таймның 66-минутында Мбапе есеп ашқаннан кейін француз командасының ойыны жүре бастады. Франция сапынан алаңға тыңнан қосылған Баркола есепті 2-0-ге жеткізді. Сенегалдықтар қосымша уақытта бұған Мбаппе әдемі жауап қайтарды. Кездесу аяқталуға жақын қалғанда Мбапе дубль жасап, Франция құрамасын сенімді түрде алға шығарды. 

Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты

Франция 2-турда Иракпен ойнап (23 маусым), ал 3-турда Норвегиямен (26 маусым) кездеседі. Өз кезегінде Сенегал құрамасы 2-турда Норвегиямен (23 маусым), 3-турда Иракпен (26 маусым) жолығады.

Топтық кезең 11–27 маусым аралығында өтеді. Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі құрама, сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік сегіз құрама жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар