• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2020

Сотталған адамның атынан несие алған

260 рет
көрсетілді

Степногорск қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған күдіктінің атынан белгісіз біреулер несие рәсімдеп, қарызға батырып қойған көрінеді. Қазір ақ-қарасы тексерілу үстінде, - деп жазады Egemen.kz

Күдіктінің жұбайы орын алған оқиғаға тергеушілер  кінәлі деп отыр. Әйтпесе, қамауда отырған адам несие рәсімдей ала ма? Шындықты бастан жақты айырғандай етіп айтып, көрсетіп беріңіздер деп тергеушінің үстінен арыз жазған.

Степногорск қаласының тұрғыны қылмысқа қатысты деген күдікпен уақытша қамауға алынған. Қылмыстық істі тергеу барысында күдіктінің ұялы телефоны мен абоненттік нөмірі бар 2 сим-картасы алынған. Оны айғақ ретінде қылмыстық істің материалдарына берілген. Кейін Степногорск қаласының полиция бөліміндегі сақтау қоймасына тапсырылған. Әлдекімдер осы заттарды пайдалануы әбден мүмкін дейді күдіктінің жұбайы.

Түскен арызға сәйкес ҚР Қылмыстық Кодексі 190-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес "Алаяқтық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Ақмола облысы