Әлемді жайлаған індетпен күресте түрік бауырлардың ізденістері жұртшылықты елеңдетіп отыр, - деп жазады Egemen.kz
"Түрік сәулесі" атты онкологиялық дерттермен күресуге бағытталған жоба Диарбақыр қаласында осыдан үш жыл бұрын қолға алынған көрінеді. Клиникалық емдеуде жақсы жетістікке жеткен осы ізденісті әлемді падемия жайлағанда диарбақырлық жүрек-қан тамырларына операция жасаудың шебері, хирург Хикмет Сельчук Гедик COVID-19 бен күреске бағыттайды. Осылайша ол 46 жастағы ер адамды сәулемен емдеп шығарғанын хабарлады.
Екінші нәтижелі жұмыс COVID-19 қарсы жаңадан синтезделген дәрі– Фавиковир (Favicovir). 32 ғалымнан тұратын команданың 40 тәулік күн-түн үзбестен жасаған еңбегінің нәтижесі қазіргі уақытта тесттік режимде емде қолданылып оң нәтиже көрсетіп жатыр екен. Түркияның "ATABAY" фармацевтевтикалық компаниясы оны шығаруға толық даяр екенін жеткізген. Және препаратты тек Түркия көлемінде ғана емес, шетелдерге де шығару мүмкіндігі барлығын айтқан.Түрік бауырлардың үшінші бір игілікті ісі, індет кеселінен екі иінінен дем ала алмай, пневмонияға шалдыққан пациенттерге көмекке келетін Жасанды тыныс алу аппараттарын шығаруы. Жаңа аппаратты өмірге Түркияның қорғаныс саласындағы өндірістік компаниясының бірі әкелген. Жылдың басында Еуропа мемлекеттерінен Жасанды тыныс алу аппаратын стаып алып жүрген Түркия тез арада өз елін қамтумен қатар, 2 мыңнан астам ЖТАА экспорттап үлгірген.