Өңір кәсіпкерлері демеушілік көмекпен облыстық ауруханаға дәл осындай екі аппарат алып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен, бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек, бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле-шала қолдау білдіруші кәсіпорындар табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз", - дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Бұған дейін облыста өкпені жасанды желдететін 111 аппарат болған.