1 шілдеден бастап Еуропалық Одақ азаматтарға шекарадан өтуге рұқсат берілген 14 елдің тізімін жариялады. Бірақ Ресей, АҚШ, Қытай Бразилия, Қазақстан бұл тізімге кірмейді,- деп жазады Egemen.kz
Еуропа билігінің шешіміне сәйкес, коронавирустың таралуы тұрғысынан "қауіпсіз" деп танылған елдер: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Бұл тізімге екі апта сайын өзгеріс енгізілуі мүмкін.