• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2020

Атырауда жүк көлігі отқа оранды

458 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шетелдік көлік  бүгін түнде Махамбет ауданының аумағында өртенген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне 1 шілдеде сағат 01:43-те Тандай ауылынан 6 шақырым жерде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар  түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде "Renault Magnum 440" маркалы фураның кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатты. Өртті сөндіруге  авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 02:43-те  толығымен жойылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.