АҚШ Соты Дональд Трамп туралы жиен әпкесі Мэри Трамптың жазған естеліктерін жариялауға уақытша тыйым салды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ВВС News агенттігі мәлімдеген.
Too much and Never Enough: How my Family created the world ' s Most Dangerous Man ("Тым көп және қашан да жеткіліксіз: Менің отбасым әлемдегі ең қауіпті адамды қалай жетілдірді?") кітабының жарыққа шығуы бастапқыда 28 шілдеде жоспарланған.
Нью-Йорк штатының Сот төрағасы Президенттің кіші ағасы Роберт Трамптың кітапта тыйым салынған ақпарат жариялағаны үшін, екіжақты келісімнің бұзылғанын мәлімдейді. Ал бұл шешімге Мэри Трэмптың адвокаттары дереу шағым түсірген.
Мэри Трамп − президенттің үлкен ағасы, Фред Трамптың қызы. Ол 1981 жылы 42 жасында қайтыс болған.
Автор "көптеген мерекелік дастархан мен отбасылық іс-шаралардың тікелей куәгері бола тұра", осы ақпараттарды әдейі жариялаған", дейді Сот төрағасы.