Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметіне алғыс айтты. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.
"Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Президент.
Айта кетейік, кеше Ресейдің вирусолог мамандарды Қазақстанға жіберетіні белгілі болған еді.
"Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді, - делінген ақпаратта.