• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Шілде, 2020

Жиырма әлеуметтік жоба республикалық деңгейге шығады

277 рет
көрсетілді

Жиырма әлеуметтік жоба республикалық деңгейге шығады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен елордада өткен «Өзгерістің сәруарлары» әлеуметтік жобалар акселераторларының кәсіпкер-қатысушыларын марапаттау рәсімінде айтылды.

«Акселерацияның алғаш­­қы қадамынан өткен 39 жоба­ның жиырмасы таңдалып алынды. Енді олар акселерацияның толық бағдарламасынан өтіп, еліміздің әр аймағында жүзеге асуы үшін жұмыс жүргізеді. Бүгінде ак­селераторлардың алдында үш басты міндет тұр. Яғни дайын жобалар­ға са­раптық және әдістемелік кө­мек көрсету, оған ин­вес­­­тициялар тарту және осы жо­баларды жан-жақ­ты та­ратып, аясын кеңейту көз­де­ліп отыр», деді жоба кура­торы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Сараптау және әдіс­­­темелік қамтамасыз ету бас­­қармасының жетекшісі Люд­­мила Бурлаченко. 

Оның айтуынша, «Өз­­­ге­­­­ріс­тің сәруарлары» жо­ба­­сы­ның қаты­сушылары бі­лім, мәдениет, ин­клюзия, эко­­логия бағыттары бойынша төрт топқа бөлінген.

«Біз тек өз кәсіптерінен та­быс тауып отырғандарды емес, әлеуметтік маңызы бар, қоғамға тигізер пайдасы мол жобаларды қолдаймыз. Әр жоба «Рухани жаңғыру» бағ­­дарламасының басты ұста­ным­­дарына сәйкес келеді. Нақ­ты айтқанда, аталған жобалар бар­лық құндылықтарды сақ­тай отырып, өз саласында үздік болуы тиіс, сондай-ақ ин­но­вациялық түрде үне­мі үз­дік­­сіз дамуы қажет. Қазір­дің өзінде Қазақстанды халық­аралық нарықта алға жетелеп, атын қалыптастырған брендтер бар», деп атап өтті Люд­мила Бурлаченко.

Мәселен, сондай жобалар­дың бірі – «Aspara Fashion week». Мәдениет саласында жүзеге асып жатқан бұл жоба fashion-индустрия тарихында бірінші рет халықаралық деңгейде онлайн сән апталы­ғын өткізіп жатыр.

Білім беру саласында «Open English» жобасы да ерек­­ше назар аудартады. Бұл әлеу­мет­тік жобада ерікті жастар жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретеді. Со­ны­мен қа­тар ерікті жастарды бас­қа­ру технологиясының заманауи үлгілеріне бейімдеп, көш­бас­шы­лық қасиеттерін арттыра­ды және алдағы уақыт­­та жұ­мысқа орналасу мә­­се­лесін де жеңілдетеді.

Жиырма жобаның сегізі инклюзивті салаға арналады. Оны осы бағыттағы тәжірибесі мол «Болашақ», «Саламатты бо­лашақ», «Замандас» қор­ла­­ры және енді ғана құрыл­ғанымен әлеуметтік салаға ин­­­но­вациялық көзқарасымен ен­ген «Altyn bala» кәсіпкерлері жүзеге асырмақ. Бұдан бөлек, ин­клюзивті бағыт бойынша «Kun­de» және «Emoji» әлеу­мет­­тік кафелері жұмыс жасап жатыр.

«Акселераторлар жұмысы­ның басты ерекшелігі ретінде әр жобаға жеке тоқталып, тың­ғылықты көңіл бұратынын ай­туға болады. Сарапшылардың 3 ай ішінде атқарған жұмысы арқылы аталған жобалар жан-жақты дамуы үшін зор қол­дауға қол жеткізді», деді Людмила Бурлаченко.