Нұр-Сұлтан қаласының Н.Тілендиев көшесінде "ВАЗ-2115" автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, екі досын көлігінің жүк салғышына отырғызған видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аталған дерек бойынша 19 маусым күні таңғы сағат 04:03-де автокөлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзады.
Бүгінгі күні көлік жүргізушісі 28 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Көлік иесіне ҚР ӘҚБК 593-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қалған тәртіп бұзушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Келесі видеода көлік иесінің әкімшілік тәртіпті бұзғаны үшін, кешірім сұрап тұрғаны баяндалады.