• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2020

Жезқазғанда КВИ-ден көз жұмғандар саны сегіз адамға жетті

233 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында коронавирус инекциясынан қайтыс болғандардың саны сегіз адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Марқұмдардың басым бөлігі егде жастағы адамдар.  Олардың ішіндегі ең жасы 54 жастағы медицина қызметкері екен.

Жалпы, Жезқазған қаласы бойынша 613 адамның COVID-19 індетін жұқтырғаны зертханалық талдау негізінде расталған. Бүгінгі күнде жергілікті ауруханаларда 341 пациент ем-дом алып жатыр. Олардың 69-ы Сәтбаев қаласындағы провизорлық бөлімшеге, 70-і Сәтбаев қаласындағы медициналық-санитарлық бөлімшенің инфекциялық стационарына, 32-і инфекциялық бөлімше боксына, 170-і Жезқазған көпбейінді ауруханасының провизорлық бөлімшесіне орналастырылды. Ал 545 адам үй карантиніне оқшауландырылған.

Сондай-ақ, бұрын жұқтырғандармен байланысты болған 1112 адам анықталды. Оның 268-і "Жомарт" кенішінің жұмысшылары болып шықты.

Арнайы құрылған мобильдік топтар Жезқазған қаласы  бойынша 721 нысанға тексеріс жүргізіп, 25 объектіден карантин кезіндегі қаулы талаптарын бұзушылық фактілерін анықтады, деп хабарлады қалалық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы.

 

Қарағанды облысы