• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2020

Атырауда 115 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

506 рет
көрсетілді

Қазір облыста 4 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус инфекциясының таралуына  байланысты диагностикалау, тиісті мекемеге жолдау және емдеу алгоритмін үйренуде, - деп хабарлайды Egemen.kz 

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, медицина қызметкерлерінің көпшілігі стационарларда қауіпті індетпен күреске жұмылдырылады.

"Қауіпті індет тарала бастағаннан бері облыста 115 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың арасында 38 дәрігер бар. Өзгелері орта және кіші буындағы мамандар. Енді олар емделіп шыққан соң өз міндеттерін атқаруға кіріседі", дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.