Карантин талаптарын бұзған жағдайда салынатын айыппұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Бүгінгі күнге келетін болсақ, вирустың таралу себебі - ескертулерге немқұрайлы қарап, құлақ аспағаны десек артық емес. Біздің ел тығылып, той тойлап, бетпере киюді әлі де ұят санайтындар да жоқ емес. Мысалға, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты басқа да іс-шаралар толып жатыр. Оған өздеріңіз де, көптеген азаматтар да куә", деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ оОсындай шараның соңында кемінде 20-дан адам ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандар да мәлім екенін атап өтті.
"Ең алдымен жеке басымыздың жауапкершілігі, отбасымыздың алдындағы және қоғам алдындағы жауапкершілік болу қажет. Заң тарапынан жауапкершілік қарастырылған. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға - 83 000, заңды тұлғаларға - 600 мыңнан астам айыппұл салынады", деді Е. Тоғжанов.