• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2020

Қостанай облысында дәрі-дәрмек жеткілікті

162 рет
көрсетілді

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанованың айтуынша, аймақта 300-ге жуық дәріхана бар. Олардың дәрімен қамтамасыз етілуі мен баға тұрақтылығының сақталуы қатаң бақылауда. Бүгінге дейін дәрі тапшылығына байланысты тұрғындардан ешбір шағым түспеген. Бірақ дәріхана меннеджерлері вирусқа қарсы ішетін және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекке сұраныс артқанын хабарлап отыр.

Бүгінгі таңда қызу түсіретін препараттар жеткілікті. "Фармаком Импэкс", "Забота Company LTD", "Айболит" желілік дәріханаларында  парацетамолдың 14 000 қаптамасы бар. Облыстың барлық дәріханалары құрамында парацетамол бар дәрі-дәрмек түрлерімен қамтамасыз етілген.

Алайда аймақта дәрі тасымалдаушылардың кешігуіне байланысты вирусқа қарсы препараттар аздау болып жатыр. "Забота Company LTD", "Фармаком Импэкс", "Витайм" дәріханаларында "Гроприносин", "Римантадин", "Арпефлю", "Ингавирин"  дәрілерінің 2000-нан астам қаптамасы бар.

Кешегі күні вирусқа және бактерияға қарсы дәрілік  препараттар Арқалық қаласында болмай қалды. Бірақ бүгін бұл мәселе шешілді.  "Цветная" ЖШС дәріханасы вирусқа қарсы және бактерияға қарсы препараттардың мол  қорын сақтап отыр, - деді С. Ержанова.

 

 

Қостанай облысы