ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелуге; Бір ғана діни қызметкердің қатысуына; Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға шақырамын. Шариғатта қандайда жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтатуда карантин режимі қажет екені атап айтылған. Мұндай карантиндік жағдай көптеген мұсылман мемлекеттерінде жүзеге асуда. Сондықтан қазіргідей көзге көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу әрбір мұсылман баласы үшін міндет", деді наиб мүфти Ершат Оңғаров.