• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Шілде, 2020

Еуропалық әйелдер індет салдарынан жұмыссыз отыр

366 рет
көрсетілді

Еуроодақтағы жұмыссыздық соңғы 8 айда рекордтық деңгейге жетті және мамыр айындағы көрсеткішке сәйкес 6,7% құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Пандемияның белең алуы ер адамдар мен әйел қауымына айтарлықтай әсер етті. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық сәуір айында 6,9%-дан 7,2%-ға дейін өсті. Ал ерлер арасында жағдай бірқалыпты.

Халықаралық еңбек ұйымында бұл үрдіс келесідей түсіндіріледі:

"Негізінде орта және шағын кәсіпкерліктің көпшілігін әйел заты басқарғандықтан, індеттің залалы көбінесе осы секторларды қамтыды. Себебі үйде қызмет көрсету саласының, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырудың басым бөлігін нәзік жандылар атқаратын. Осылайша, біз соңғы жылдары қол жеткізген гендерлік теңдік саласындағы жетістіктерімізді жоғалтамыз", дейді ХЕҰ бас директоры Гай Райдер.

ЕОБ болжамы бойынша, осы жылдың үшінші тоқсанында Еуроаймақтағы жұмыссыздық деңгейі 10%-дан асуы мүмкін. Шектеу шараларының әлсіреуі басталғаннан бері ондаған еуропалық компаниялар жұмыс орындарының жаппай қысқарғаны туралы мәлімдеді.