• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2020

Атырауда 32 отбасы жаңа пәтерге көшті

736 рет
көрсетілді

Былтырдан бері өңір орталығындағы апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын жаңа пәтерге көшіру қолға алынған еді.

"Өткен жылы А.Құнанбаев және Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатақхананың тұрғындары  "Береке" ықшамауданындағы жаңа үйге көшірілді. Ал,  биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Атап айтқанда, М.Әуезов көшесінде орналасқан №22 үйдің тұрғындарына "Жұлдыз" ықшамауданындағы үйдден пәтер берілді.  Ал, Достық  көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары "Береке" ықшамауданындағы жаңа мекенге көшірілді. Енді міне, "Бірлік" ықшамауданындағы АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы "Жұлдыз" ықшамауданына қоныс аударды" деп хабарлады Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мамандары.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, қаладағы  апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын көшіру  жалғаса береді.