Атырау қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, бұл жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,67 млрд теңге бөлінді.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 19,3 км жаңа жол салынғалы отыр. Жақын арада жол құрылысын жүргізетін мердігер мекеме анықталады. Сонан соң, жол салу жұмыстары басталады. "Береке" ықшамауданының 42 көшесіне салынатын жол екі жолақты болады. Ал, жолдың ені – 6 метр", - деп хабарлады Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары.