• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2020

Қарағанды облысында 47 мың адам 50 мың теңгеден алды

354 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Елбасының бастамасымен құрылған #Bizbirgemiz #NurOtan республикалық қайырымдылық акциясын алғашқылардың бірі болып бастады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шара аясында өңір тұрғындары Birgemiz қорынан ақшалай көмек алды. Бірінші кезекте көмекке аса мұқтаж жандар – аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар ие болды. Акция бойынша мобильді топтар халықтың әлеуметтік осал бөлігіне бірінші қажеттілік өнімдері мен гигиеналық құралдарын жеткізді. 19 наурыз мен 3 шілде аралығында Қарағанды облысында 13 мың адамға 207,5 млн теңгеден астам соманың көмегі көрсетілді.

Сәуірдің 9-ы мен 6 мамыр аралығында Birgemiz-Qaragandy қайырымдылық қорынан 1-ші және 2-ші транш аясында Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының 32 057 тұрғынына 50 мың теңгеден төленді.

Маусым айының басында Балқаш, Сәтбаев, Саран, Қаражал, Приозерск, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Абай және Бұқар жырау аудандарының 9 621 тұрғынына 3-ші транш бойынша төлемдер берілді.

Төртінші транш арқылы келген көмекпен 30 маусымнан бастап Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында 5 309 адам қамтылды.

Қорыта айтқанда, Қарағанды облысының 47 мың тұрғыны Birgemiz қорынан 50 мың теңгеден ақшалай көмек алды. Төлемдердің жалпы сомасы шамамен 2,4 млрд теңгені құрады.

 

 

Қарағанды облысы