Мұнайлы өңірде де ҰБТ сынағы аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне қарағанда, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 3 102 түлек бақ сынады. Оның ішінде мектептер мен колледждерді былтыр бітірген 816 түлек те бар, - деп жазады Egemen.kz
"ҰБТ сынағын тапсыруға 236 талапкер келмей қалды. Ұялы телефон мен шпаргалка әкелгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал, 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Әзірге атыраулық түлектердің арасынан ең жоғары балл алғандар туралы дерек айтылған жоқ.