• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2020

Атырауда тегін дәрі-дәрмек таратылмады

1644 рет
көрсетілді

Бүгін "KomekAtyrau" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тегін дәрі-дәрмекті  тарату акциясы өтуі тиіс еді, - деп жазады Egemen.kz

Бұл туралы кеше әлеуметтік желілерде хабарланған болатын. Алайда,  бүгін тегін дәрі-дәрмек таратылмады. Бұған санитарлық талаптың сақталмағаны себеп болып отыр. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, дәрі-дәрмекті 200 адамға тарату жоспарланыпты.  Дегенмен, тегін дәрі-дәрмекті алуға 700-ден 1000-ға жуық  адам келіпті.  

Осыған байланысты  Атырау қалалық әкімдігі төмендегідей мәлімдеме жасады.

"Бүгін, 4 шілдеде «KomekAtyrau» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен дәрі-дәрмек тарату акциясы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете алмады. Атырау қалалық әкімдігінің бұл акцияны ұйымдастыруға қатысы болған жоқ. Қазіргі уақытта акция тоқтатылды. Ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады.

Әкімдік өңірде халыққа қажетті дәрі-дәрмекті жеткізуді ұйымдастыру шаралары  қабылданғанын хабарлайды. Мұндай акцияны ұйымдастырушылар бірінші кезекте  халықтың қауіпсіздігін ойластыруы қажет. Барлық акция заңдылыққа сай ұйымдастырылуы тиіс. Әкімдік халыққа көмек беру жөніндегі қосымша  ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін білдіреді", -деген ақпарат таратты Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі акцияға жиналған халықтың тарағанын мәлім етті.

"Полиция қызметкерлерімен акцияға жиналған халық таратылды. Ал, 7 адамға қатысты жинақталған іс құжаттары шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.