• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2020

Қарағанды облысында елорда күні қарсаңында үш емхана ашылды

251 рет
көрсетілді

Елорда күні мерекесінің қарсаңында Елбасының еңбек Отаны Теміртауда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бой көтерген жаңа емхана ашылды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қатысуымен салынған екі қабатты емхананың бір ауысымда 50 адамды қабылдауға мүмкіндігі жетеді.

Сонымен қатар, бұл күні дәл осындай тағы екі емхана облыс орталығында да ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған бұл медициналық нысандардың бірі қаладағы №11А ықшам ауданда, ал екіншісі Оңтүстік-Шығыс аумағында бой көтерді. Алғашқысы бір ауысымда 50 адамға дейін қабылдай алса, екінші емхананың қуаты бір ауысымда 150 келушіге қызмет көрсетуге жетеді. Мұнда қабылдауды 11 жалпы тәжірибе дәрігері, екі педиатр, екі акушер-гинеколог, терапевтік бейіндегі 11 салалы маман және терапевтік емес бағыттағы екі маман жүргізетін болады.

Айта кету керек, жаңа емханалардың барлығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер мен пациенттерге ыңғайлы болу үшін нысандарда электронды кезек жүйесі жұмыс істейтін болады.

 

 

Қарағанды облысы