• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2020

Атырауда қатаң шектеу шаралары енгізілді

513 рет
көрсетілді

Бүгін  облыстың бас мемлекеттік санитариялық  дәрігері Амантай Жұмағалиевтың арнайы қаулысымен екі апталық қатаң шектеу шаралары күшіне енді, - деп жазады Egemen.kz

Қаулыға сәйкес, облыс аумағындағы қатаң шектеу шаралары 5 шілде сағат 00:00-ден 19 шілде сағат 00:00-ге дейін созылады. Қалалар мен ауылдар арасында қоғамдық көлік қатынасы, тұрғындар мен автокөліктер қозғалысы кешкі сағат 23:00 мен таңғы сағат 06:00  аралығында  тоқтады.  

"Думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай - ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және өзге де шаралар өткізілуіне, сағат 10:00-18:00 аралығында шектеу уақытымен қызмет етіп жатқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар,         барлық мәдени ошақтар (театрлар, концерттік залдар, музей, көрмелер және т.б.), діни орындар (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагога және т.б.),  балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстар,  фудкорт, банкет залдарының, СПА орталықтар, жаттығу залдары, фитнес орталықтар, спорттық – сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынсын", -делінген арнайы қаулыда.