• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2020

Шетелдегі қазақстандықтар World Dombyra фестивалін бастады

1201 рет
көрсетілді

5 шілде – Ұлттық Домбыра күні.  Атаулы күнге орай, "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы "World Dombyra Festival" атты жаһандық жоба бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

"World Dombyra Festival" жобасына әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар қатысты. Олардың барлығы дерлік домбыра шеберлері. QazAlliance жетекшісі Әлішер Тұрсын:  "Фестиваль – "Ұлттық домбыра күніне" орайластырылған. Сол себепті "World Dombyra Festival" жобасын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты − шет елдерде Қазақстанның имиджі мен мәдениетін таныту, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен ұлттық өнерге баулу және оларға ұлттық бірегейлігімізді дәріптеу.

Жобаның ең тамаша тосынсыйы еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенге арналған "Димаш Байжұма" күйі болды. "World Dombyra Festival" жобасына Ресейдің Алтай Республикасынан Жанайдар Нұрсалиев қатысып, осылайша Димаштың құрметіне күй арнап, барлық қазақстандықтарды және Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлерді ("Dears") ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Сондай-ақ Азия елдері бойынша World Dombyra Festival жобаcының координаторы Таңшолпан Бауыржанқызы: "Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат еліміздің ұлттық музыкасын, ұлттық аспап – домбырамызды әлемге таныту. Осы іс-шара әлем бойынша бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Мен де бірінші рет қатысып, жобаға барынша көмегімді көрсетіп жатырмын", дейді ол.

Ал жобаның бас режиссері Тимур Сырымдатулы: "Біздің мақсатымыз – домбыра күнін тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша домбыра күнін тойлауды дәстүрге айналдыру. Әлем жұртшылығы  біздің домбыраны, біздің мәдениетімізді танып, бүкіл әлем қазақтары шілде айының әр бірінші жексенбісінде флэшмоб, ғаламшардың басты алаңдарында ашық концерттер түрінде фестиваль өткізу», дейді Сырым Датұлының тікелей ұрпағы.

Естеріңізге сала кетейік, "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы 2015 жылы құрылып, бүгінгі күні әлемнің 20-дан астам елдің өкілдері жұмыс жасайды және шет елдердегі қазақстандықтардың ұйымдары мен бірқатар ірі Қазақстан студенттерінің қауымдастықтарын біріктіреді. Альянс президентінен бастап мүше болған барлық патриоттар ақысыз түрде қызмет жасайды. Олар жұмыстары мен сабақтарынан тыс уақыттарын шетелде Қазақстанға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға арнайтын еріктілер.

"QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар ұйымының бірлескен жобасын сіздерге ұсынамыз: