Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус инфекциясына қоса пневмония дертіне шалдыққандар қатары астрономиялық сипатта күрт өсуі, осы дерт бойынша адам өлімінің жиі тіркелуі тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектерге деген бұрын-соңды болып көрмеген жойқын сұранысты туғызды. Инфекционист дәрігер-мамандар кви мен пневмонияның түп-төркіні бір екенін, екеуі де қос өкпеден алып жығатынын мәлімдеп отыр. Осындай себептерден орын алатын антибиотиктер мен препараттар тапшылығы Ақтөбе өңірінде де байқалады. Фармацевтика саласы мамандары мен жетекшілерінің мәлімдеуіне қарағанда індеттен сақтану мен қорғануға қажетті дәрі-дәрмектеруақытында жеткізілуде. Әрі бірден қабылданып, дәріханалар сөрелеріне шығарылып, дереу сатылуда. Әйтсе де оның бәрі қас пен көздің арасында тез өтіп, кетуде дейді олар, - деп жазады Egemen.kz
Айталық Ақтөбе қаласындағы "Милленеум" дәріханасының директоры Гульмира Қарағұлованың айтуынша вирусқа қарсы қолданылатын дәрілер мен препараттарға тапсырыс ұдайы әрі үздіксіз беріліп келеді. Оның сөзінің астарынан көптеген тұрңындар дәріханаларға түскен мұндай дәрілік заттарды өзіне немесе отбасына қажетті мөлшерден бірнеше есе көп алып жүргенін аңғардық. Дәл осы арада басын ашып айтатын бір мәселе бар екені анық. Кез-келгенін тұтынушы оның қажетті-қажетсіздігіне қарамастан дорбалап, қапшықтап сатып ала берсе, әрі олар зәрулікке айналған дәрі-дәрмекті қандай мөлшерде алғысы келсе, сонша сатылуы қазіргі күрделі жағдайда әділеттілікке сәйкес келе қояр ма екен.
Ең дұрысы әр адамға белгілі бір мөлшерде сатылып берілгені жөн шығар. Көлденең көк аттының бәрі оны дорбалап ала берсе, дәрі тапшылығы еш уақытта жойылмайтыны хақ. Өткен жылы дәріханаларда дәріні дәрігердің рецептісі бойынша беру қажет деген мәселе көтеріліп, оның аяғы сиырқұйымшақтанып аяқсыз қалғаны ұмытыла қойған жоқ. Бұлай дейін десек, бірқатар отандастарымыз бұған: қазіргідей екінің бірі дертке щалдығып, ыстығы көтеріліп, өкпесі қабына бастаған кезде олардың дәрігерге барып, рецепті жазыдырып алуына мүмкіндігі бола деп қарсы пікір білдіруі де әбден мүмкін. Бір есептен мұны да түсінуге болады. Дегенмен қазіргідей күрделі кезеңде дәрі-дәрмек саудасын жабайы қалыпқа түсірмей, оны жүйелі жолға қойып, реттеп отыру қажеттілігі де ешқандай талас туғызбайды. Өйткені өз бетімен емделудің оң нәтиже бере қоюы екіталай емес пе. Қазіргі күні осы ақиқатты дәрігерлер де жиі айтып жүр.
Осы орайда өңірдің бас санитар-дәрігерінің ұсынып отырған нұсқасы етек алып бара жатқан жабайы дәрі –дәрмек саудасын қалыпқа келтіруге септігін тигізе алатындығын аңғару қиын емес. анибиотиктің де антибиотигі бар. Оның бәрі вирус жұқтырғандарға пайдалы бола бермейді екен. Мысалы КВИ жағдайында кең профильді антибиотиктерді қолдануға болмайды дейді инфекционист-мамандар. Енді жоғарыда айтылған бас санитар дәрігердің ұсынбасына келсек. Участкелік дәрігер науқасты қарағаннан кейін нақты нұсқама беруі қажет. Әрі басты емдік және профилактикалық шаралар осы алгортимге арқа сүйеуге тиіс. Солай дей тұрсақ та қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы көптеген дәріханаларда дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқамасынсыз сатылып жүргенін ешкімжоққа шығара алмайды. Мұндай жағдайда оның тапшылығы қолдан жасалатындығы айтпаса да түсінікті емес пе? Егер өңірдегі фармацевтика мен дәріхана жүйесінің басы-қасында жүргендер бұл мәселеге жедел көңіл аударып, оның оң тетігін табуға ұмтылса, бұл қадам тұрғыдар сұранысын толық өтеуге және дәрі-дәрмек тапшылығын өтеуге оң септігін тигізе алар еді.
Осы орайда қазіргі күні бұл мәселеге Ақтөбе қалалық әкімдігі баса назар аударып отырғанын да айта кеткеніміз жөн. Сондай-ақ қала мэриясы тарапынан препоратарды сату және сатып алу талаптары мен нормаларын бақылау үшін облыс орталығында 23 мобильдік топ құрылған. Бүгінде тұрғындар саны жарты миллиондық межеден асып бара жатқан Ақтөбе қаласы 23 секторға бөлінген. Аталған мобильді топтар осы секторлар бойынша тиісті қызметке тартылған.
-Түптей келгенде қазіргі сыни кезеңнің өзі туғызған аталған мобильдік топтардың басты мақсаты дәрі-дәрмек саудасына қатысты мәселелерге қатысты мониторингтік зертетулер мен тексерулер болып отыр. Расында да, вирусқа қарсы зәрулік заттар орын алып отыр ма, жоқ па. Егер мұндай көріністер кездесіп жүрсе оның басты себептері қандай? Дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселелері қалай шешімін табуда. Мобильдік топ мүшелері осы басы ашық сауалдардың бәрін ой таразысынан өткізіп, атқарушы органдар алдына тиісті ұсынбалар әзірлейді. Соған сәйкес қажетті шаралар алынады деді газет тілшісіне Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.
Тағы бір айтарымыз індет қос өкпеден қысып, қуырып отырған кезде кейбір дәріхана иелерінің қажетті дәрі-дәрмектің бағасын көтеріп сатуға жол беріп жүргені имансыздық пен ынсапшылдықтың бір белгілі болып жүрмесін . мысалы қазіргі кезе тұрғындар тарапынан көбірек сұраныс туғызатын дәрінің бір түрі -қызуды түсіруге көмектесетін парацетамол екені белгілібұл бағасы қымбат емес, қолжетімді дәрі түрі. Орташа есеппен алғанда оны Ресейден шығарылатын 500 мг. Қорабының бағасы 80-85 тенгеден аспайды. Солай бола тұрса да мобильдік топ мүшелері өз жұмысының алғашқы күндерінде Ақтөбе қаласының бірқатар дәріханасында осындай мөлшердегі дәрі 125 тенгеден сатылып жатқанына куәгер болған екен.
Сондай-ақ Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау департаменті басшысының орынбасары, бас фармацевтикалық инспектор Сабит Ескендіров облысқа дәрі-дәрмектер екі жүйе арқылы жеткізілетінін айтып берді. Яғни оның біріншісі өңірдегі медицина мекемелері мен ұйымдаына кепілді түрде берілетін көлемдегі дәрілер болса, екіншісі тұрғыдарға дәріханалар арқылы сатылатын дәрі-дәрмек көлемі. Соның ішінде біз жоғарыда облыс аумағындағы екі жүйе арқылы қамтылатын дәрі-дәрмек көлемінің кейбір иірімдері жөнінде ой-пікір қозғауға ұмытылыс жасаған жайымыз бар. Осы орайда бұл мәселе өңір тұрғыдарының орынды өкпе-реніштері мен наразылығын туғызбауы үшін алдағы 1 ай бойы мониторингтік зерттеулер мен бақылаулар жүргізу жөнінде нақты іс-қимылдың басталуы түсінбестік туғызған бірқатар мәселелерді оң шешуге өз септігін тигізсе игі.
АҚТӨБЕ