• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2020

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында онлайн-тренинг өтті

442 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы бойынша "Рухани Жаңғыру" жобалық офисі "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының сананы жаңғырту құралы ретінде негізгі 6 қағидатты түсіндіру мақсатында бір күндік онлайн-тренинг өткізді, - деп жазады Egemen.kz

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, семинар онлайн режимінде өтті. Іс-шараға "Алматы" телеарнасының 20 журналисі қатысты. Оқу семинарының спикері - филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы Білім академиясының директоры Ұлан Еркінбай Қазақстанның модернизация туралы сөз қозғай отырып, жаңғыру тек өнеркәсіпте ғана емес, сонымен бірге қоғамның барлық саласында жүретіндігіне тоқталды. "Жалпы қоғамның және әрбір қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың 6 бағыты айқындалды ... ". Бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімге табыну; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы.

Егер біз, қазақстандықтар, әлемді тек үйлеріміздің терезелерінен бағалайтын болсақ, онда әлемде қандай дауыл жақындап жатқанын, көрші елдерде не болып жатқанын көре алмайтын шығармыз. Біз кейде көзқарастарды түбегейлі өзгертуге мәжбүр ететін сыртқы себептерді де түсінбеуіміз мүмкін. Модернизацияның негізі - адам капиталы. Сондықтан, "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының мақсатына және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу үшін тұрғындардың бағдарлама туралы хабардар болу деңгейін, туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне деген қоғамдық қызығушылық деңгейін, азаматтық белсенділік пен патриотизм деңгейін және т.б. арттыру қажет».

Бұл үшін Алматыдағы "Рухани Жаңғыру" жобалық офисі университеттерде, колледждерде және ғылыми-зерттеу институттарында бағдарламаны іске асыруға жауапты адамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинарлар ұйымдастырады. Сондай-ақ, бағдарламаны халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында БАҚ қызметкерлері, журналистер арасында Бағдарламаның мақсаттары мен қағидаттарын түсіндіру, оны әрі қарай жылжыту мақсатында онлайн семинар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеуге қажетті білімді кеңейту және дағдыларды қалыптастыру, сананы жаңғырту үшін халықпен жұмыс істеудің ең жаңа технологияларына ие болу, халыққа бағдарламалардың мәнін қол жетімді түсіндіруге спикерлерді дайындау, БАҚ-та хабарлау, яғни алға жылжыту үшін қажетті дағдыларды игеруге бағытталған семинарлар еліміздің даму келешегінің көрінісі болмақ.