Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында тұратын екі тұрғынның 4 шілдеде Сағыз өзеніне барған сапары қайғылы оқиғаға ұласты, - деп жазады Egemen.kz
"Мұқыр ауылының 1985 және 2005 жылғы тұрғындары Сағыз өзеніне шомылуға барған. Алайда, олар өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, суға кеткен. Бүгін, 5 шілдеде сағат 00:30 шамасында Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар суға кеткендердің денесін тауып, өзеннен шығарды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Департамент қызметкерлерінің сөзінше, осындай қайғылы оқиға қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болып отыр. Өйткені, тұрғындар көбінесе арнайы жабдықталмаған жерде жиі шомылады.