Еліміздегі емханалардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.
30 маусымнан бастап Қостанай облысының 11 ауданында тұратын мұқтаж жандар үшін төртінші транш бойынша төлемдер басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры бұған дейін Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалалары мен Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Федоров және Алтынсарин аудандарында тұратын 22 мыңға жуық мұқтаж жанға 50 мың теңгеден 3 рет демеуқаржы аударған болатын.
«Жеке шотына 50 мың теңге түскен азаматтардың барлығына «Sizdiń shotyńyzga #Birgemiz qorynan 50 000 tenge keliptusti. #Biz Birgemiz, Elbasу, «Nur Otan» деген мазмұнда sms хабарлама қоса келіп түседі.
Мұқтаж жандардың тізімін жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ Зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтар жасаған. Бұл тізімге қазірше 5684 адам тіркелген. Тізімге енбей қалған тұрғындар жергілікті жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне алады», деп хабарлады Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қостанай облысы