• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2020

Атырауда Оқушылар және жастар сарайы ашылды

1769 рет
көрсетілді

Бүгінгі Елорда күніне орай ашылған Оқушылар мен жастар сарайының аумағы 18 833 шаршы метрді құрайды. Бұл нысанның құрылысы "Шеврон" компаниясыныңдемеушілігімен салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталған еді. Ғимаратта төрт қабат бар.Мұнда оқушылар мен жастардың шығармашылық қызметтің барлық түрімен, спортпенайналысуына, түрлі үйірмелерге қатысуына барлық жағдай қарастырылып отыр.Сондай-ақ, сарайда ғылым мен техника, өнер, мәдениет және спорт салалары бойынша жеті бағытта 63 үйірме ашылады. Нақтырақ айтсақ, футбол, суда жүзу, жеңіл атлетика, күрес, хореография, ән айту, сурет салу, керамика үйірмелерін ашу жоспарланыпты.

"Пайдалануға беріліп отырған ғимаратта үйірмелерден өзге ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз туралы мағлұмат алуға, планетарийден аспан әлемімен танысуға мүмкіндік жасалған. Мұнда күніне 2 ауысымда 1 500 бала өнермен, спортпен, шығармашылықпен шұғылдана алады. Оқушылар мен жастардың қабілетін түрлі бағытта дамыту үшін сарайға 200-ден астам мұғалім жұмыспен қамтылмақ", - деп түсіндірді Атырау қалалық білім бөлімінің мамандары.

Оқушылар мен жастар сарайының жұмысы қазіргі эпидемиологиялық ахауалдың күрделенуіне орай 1 қыркүйекте басталады.