Коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастар туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Соңғы тәулікте 450 науқас стационарға түсті. Реанимация жағдайында ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас бар. Оның ішінде 12 жүкті және босанғаннан кейінгі әйел адам және 1 бала бар. Осы науқастардың 72%-ы - өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында. Соңғы тәулікте 5 науқас жағдайының жақсаруына байланысты реанимация бөлімінен әдеттегі палата бөліміне ауыстырылды", деді вице-министр.
Оның айтуынша, жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Ақпарат бойынша КВИ-дан 264 адам қайтыс болды. Олардың жартысы үш үлкен өңірге тиесілі. Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы, Алматы қаласы.