• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 07 Шілде, 2020

Бас қала тарихы қамтылған көрме

419 рет
көрсетілді

Елорда күніне және Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығына орай бас қалада "Ұлы елдің мұрасы" атты фотокөрмелер мен құнды тарихи құжаттардың көрмесі өтуде. Бір аптаға, яғни шілденің 10-жұлдызына дейін жалғасатын көрмені өткізуге Нұр-Сұлтанның мемлекеттік архиві мұрындық болғанын айта кетейік.

Қаланың оң жағалаудағы тарихи бөлігінде, "Көпес Васили Куприн Үйінің" іргесінде өтіп жатқан көрмедегі тарихи құжаттардың үлкейтілген көшірмесі мен фотодеректерді тамашалау арқылы бас қаланың қалыптасуы мен дамуына қатысты ең қызықты деген ақпараттарға қанығуға болады.

– "Ұлы елдің мұрасы" атты осы фотоқұжат көрмесі өткен ғасырдың 1990-шы эылдарынан бастап, бүгінге дейінгі бір ғасырдан астам кезеңді қамтиды. Экспозицияға Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінен, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасынан, ҚР Президенті архивінен жүзге жуық фотоматериал мен архив құжаттары қойылды. Астанамыздың тарихындағы ең тағдырлы кезеңдер туралы деректерді жан-жақты қамтуға тырыстық, – дейді ұйымдастырушылар.

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев еліміздің әлеуметтік маңызы зор нысандарының ашылу рәсіміне қатысуы, әлемдік көшбасшылармен кездесу кадрлары, халықаралық ұйымдардың саммиттерінен әсерлі сәттер де назардан тыс қалған жоқ. Бұл астананың іргетасы қаланған кезеңнен бастап, Тәуелсіздік жылдарындағы тарихына дейінгі аралықтағы тарихына экспозициялар арқылы шолып шығуға тыптырмас мүмкіндік екені анық.

Бір айта кетерлігі, келушілерге ыңғайлы болуы үшін QR код арқылы мемлекеттік архивтің сайтына еніп, материалдармен тереңірек танысуға да мүмкіндік жасалған.

Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты, экспозициялар ашық аспан астында, бір-бірінен біршама қашықтау етіп қойылған. Халықтың өзара әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін сақтық шаралары туралы ескертулер де бар.