Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласында ашылған қосымша стационарлар туралы айтып берді, - деп хабарлады Egemen.kz
"Карантин басталған уақытта 3 стационар (1000-ға жуық орын) болса, қазіргі уақытта стационар саны 13-ке (немесе 3700-ден астам орын бар) көбейді. Қазіргі уақытта оның 87%-ы толды. Дәрігерлер азаматтарды емдеу үстінде. Жүкті әйелдерге арнайы перинаталды орталық ашылды. Республикалық ұлттық ғылыми орталығында 240 орын аштық. Оның 40 орны - реанимация, кардиоорталықта 60-тан астам ауыр халдегі азаматтарға арналған реанимация ашылды. №1 аурухана толықтай коронавирус стационарына ауысты. Ол жердегі пациенттер басқа аурузханаға жіберілді. "Ramada Plaza" қонақүйінде 500 орындық стационар ашылды. Оның 60%-ы науқастармен толтырылды.Егер эпидемиологиялық жағдай күрделенетін болса, қосымша 1000-нан астам орын ашуға әзірлендік", деді Алтай Көлгінов.