Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен өткінші жаңбыр өтеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, шығыста кезең басында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен желдің күшеюі болжанады. Республика бойынша ауаның температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды, ал батыста және оңтүстікте кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Бұл туралы "Казгидрометке" сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
8 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде жәнетаңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
8-10 шілде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
8 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында да 8 шілде күндіз найзағай күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.
8 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.Сол күні Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.