• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Шілде, 2020

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" ақ мен АХҚО өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

278 рет
көрсетілді

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, тараптар атап айтқанда, АХҚО биржасында Қор компаниялары акцияларының листингі мәселелері бойынша тығыз ынтымақтасуға және кеңес беруге ниет білдірді.

"Жекешелендіру бағдарламасын аяқтау  "Самұрық-Қазына" Қоры үшін  басты міндеттердің бірі болып табылады және Қор АХҚО-ның дамуына аса мүдделі. "Қазатомөнеркәсіп "ғаламдық депозитарлық қолхаттарын орналастыру тәжірибесі оның келешекте биржалық алаң ретінде басымдығын көрсетті", - деп атап өтті Қор Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов. 

Ынтымақтастық барысында Қордың компаниялар тобы жасаған шарттарда дауларды шешу институты ретінде АХҚО халықаралық төрелік орталығы мен сот ескертпелерін енгізу арқылы АХҚО юрисдикциясын белсенді қолдану көзделеді. 

Сонымен қатар, Қор мен  АХҚО-ның Экспат орталығы және үздіксіз кәсіби даму бюросының мүмкіндіктерін пайдалануға және қаржылық технологиялар, Big Data және АХҚО-ның финтех-инновацияны реттеуші саласында ынтымақтастық орнатуға  ниет білдірді. 

"Біздің платформаның мүмкіндіктері мен қызметі тездетілген цифровизация арқылы сұраныс табады. Бұл краудфандингқа да, цифрлық платформалар арқылы сан түрлі көмек алу, цифрлық банктер, үздіксіз білім алу тренді, яғни дәстүрлі университеттердің толықтай онлайн платформасын меңгеруіне тиесілі. Біз Фондқа біздің алаңымызды және қорларымызды қолдануда барынша көмек көрсетуге дайынбыз", - деді АХҚО басқарушысы  Қайрат Келімбетов. 

Қор мен АХҚО Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында табысты ынтымақтастықта екенін еске салайық. AIX алаңында "Қазатомөнеркәсіп" акциялары cәтті IPO шығарылды: 2018 жылы 15% акциясы және 2019 жылы 3,8% акциясы,  2020 жылы 6,28%  қосымша орналастырылды (SPO). 

Осылайша, халықаралық инвесторлар активтерге деген үлкен қызығушылық танытты: AIX-та орналасқан 4,3 млн глобалды депозитарлық  "Казатомпром" қолхаттарының ішінен, шетелдік институционалды инвесторлар 2,5 млн GDR сатып алды.