• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Абайдың еңселі ескерткіші

577 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Кентау қаласында қазақтың ұлы ақы­ны Абайдың 175 жыл­ды­ғына орай еңселі ескерт­кіш орнатылып, елорда күні ашылу салтанаты өтті. Биіктігі 4,5 метр ес­керт­кіш 3 метрлік тұ­ғыр­ға орнатылған. Жалпы биіктігі 7,5 метр, салмағы 3 тонна ескерткіш қала орта­лығын­дағы Абай даңғылы бойын­да орналасқан. Авторы – мүсін­ші Бауыржан Жалын.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов елорда күніне орай Кентау қаласында бірнеше нысан пайдалануға берілгенін атап өтті. «Соның арасында шоқтығы биігі – биыл мерейтойы аталып жатқан қазақтың мақтанышы, ұлы данышпаны Абайға арналған ескерткіштің ашылуы. Бұл нысанның кентаулықтарға, жастарға идеологиялық, тәрбиелік мәні зор.

Осында кентаулық жастар ақынның өлеңдерін, қара сөздерін оқитын болады. Бүгін қалада ашылған жаңа нысандар елдің игілігіне жарай берсін», деді Сәкен Амангелдіұлы. Сондай-ақ кентаулық зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар жылы лебіздерін жеткізді. Жас ақындар ұлы ойшылға арнап жырларын оқыды.

Кентау қаласында, елорда күніне орай «Ұстаздар аллеясы», күрделі жөндеуден өткен «Жастар саябағы» пайдалануға берілді.

 

Түркістан облысы