• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында жағдай толық бақылауда

299 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың аймақтық коммуникация қызметінде берген брифингінің негізгі лейтмотиві осы болды, деп хабарлай Egemen.kz.

Рас, қазір халық пандемияға қатты алаңдаулы. Облыс әкімдігінің сайты мен менің жеке парақшама күн сайын ондаған сұрақтар түсіп жатыр. Сауалдардың көпшілігіне өткен аптада инстаграмдағы тікелей эфирде жауап бердім. Бүгінгі брифингте тұрғындар мен журналистерден соңғы 3–4 күнде түскен сауалдарға жауап берейін, дей келіп, одан әрі Құмар Ақсақалов жаман індеттің облыстағы бүгінгі таралымына тоқталды. 8 шілдедегі мәліметке қарағанда қазір 1 446 оқиға тіркелді. Соның ішінде 480 адам аурудың симптомды түрімен, ал 67 проценті сиптомсыз түрімен науқастанған. Өткен тәулікте науқастанғандар саны – 1,9 процентке өсті немесе бұл 28 адам, оның 19-ы симптомды, 9-ы симптомсыз.

Инфекциялық стационарларда қазір 136 адам емделіп жатыр. 545 адам емделіп шықты.

Медициналық қызметкерлерге еңбекақы қалай төленуде деген сұраққа әкім олардың еңбектерін жоғары бағалайтынын және оларға өзінің ризашылығын жеткізді. Бүгінгі таңда Президенттің атынан 15 дәрігерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырылды. Ал еңбекақы жөнінде айтатын болсақ, барлық инфекциялық, провизорлық стационарлардың, сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлеріне, қабылдау бөлмелеріндегі фильтрлерде істейтіндерге ай сайынғы үстеме ақы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 4 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес төленеді. Барлық медицина қызметкерлері тәуекелділігі бойынша 3 топқа бөлінген, соның ішіндегі бірінші топта 184 адам бар. Осындағы әрбір дәрігердің негізгі еңбекақысына 120 мыңнан бастап 825 мың теңгеге дейін істеген уақыттарына сәйкес төленеді. Екінші топтағы тәуекелдегілерге 425 мың теңгеге дейін төленеді. Мұндайлар СҚО-да - 258 адам. Ал үшінші топтағылардың саны  744 адам, олардың әрқайсына қосымша 225 мың теңгеге дейін төленеді. Осылайша біз наурыз айында 48,6., сәуірде 161,2 млн., мамырда 150,3. және маусымда 209,8 млн теңге қосымша ақы төледік. 

Медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныш құралдары жеткілікті, алдағы 2 аптаға да  жетеді, нақты айтсақ бір реттік бетперде – 338 мың дана, қорғаныш кәстөм – 4 мың, қолғап – 596 мың дана, антисептик – 9 тонна бар. Бөлшек сауда жасайтын дәріханалар желісінде бетперде мен антисептик тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта сұраныстың артуына байланысты Бірінші қалалық аурухана, Облыстық фтизиопульмонология орталығы және М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов аудандарында пациенттерге арналған төсек-орын санын 65-тен 435-ке дейін көбейттік. Провизорлық стационарлардағы орындар 100-ден 905-ке дейін арттырылды, соның ішінде облыстық ауруханада 200, қалалық ауруханада 110, Қызылжар аудандық ауруханасында 120-ға дейін қосымша орындар ашылды. Басқа аудандарда орынды көбейту қолға алынған.

Карантин салдарынан уақытша жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыру бойынша 3 шілде күні бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтіп, оған 29 кәсіпорын мен 280 адам қатысты. 103 адам жұмысқа тұру үшін құжаттар жинап жатыр. Бүгін сағат 16.00-де Погодин атындағы театрда екінші рет жәрмеңке өткізіледі.

Сөзінің соңын Құмар Іргебайұлы СҚО жаман індеттің таралуы толық бақылауда екеніне халықты сендіре келіп, "дегенмен «Сақтықта қорлық жоқ» деген жақсы сөз бар ғой. Өзіміз де сақтанып жүрейік ағайын", деп аяқтады.