7 маусым күні таңғы сағат төрт шамасында Қостанай қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны Данат Біржанов қоңырау шалып, осыдан 10 минут бұрын белгісіз біреулер Алтынсарин көшесінде оның "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлайды. Полиция бірден "Ұстау" жедел жоспарын құрып, іздеу шарасына кіріседі.
Қолды болған автокөлік 20 минуттан соңқаланың екінші шетінен табылды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға лейтенант Диас Сағындық пен кіші сержант Мадияр Ғалымов ұрланған автокөліктің бөлшектерін шешіп жатқан екі күдіктіні ұстаған.