Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 шілдеден бастап полицияның кешенді күштері дәрі-дәрмектердің жасанды тапшылығына қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау және оларды жоғары бағамен заңсыз сату бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үш күн ішінде полиция қызметкерлері жеке тұлғалар тарапынан алыпсатарлық әрекеттердің көптеген фактілерін анықтады.
Бұдан басқа, құқыққа қарсы қызметте жеке клиникалар мен дәріханалардың пайдакүнем қызметкерлері қолға түсті.
5-7 шілде аралығында полицияға 64 адам жеткізілді.
– Статистика қандай жағымсыз болғанмен, бірақ дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың әрбір төртінші жағдайына жеке медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлерінің қатысы бар. Азаматтар тарапынан берілген сенімді пайдалана отырып және дәрілік заттарға қол жеткізе отырып, олар дәрілерді өз бетінше және делдалдар арқылы жоғары бағамен сатты. Мұндай пайдакүнем қызметкерлердің іс – әрекетіне байланысты азаматтарға елеулі материалдық залал келтірілген, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласында жеке меншік фармацевтикалық компаниялардың бірінің қызметкері ұсталды, ақырғыдан жалпы сомасы 480 мың теңгеге 500-ге жуық вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тәркіленді.
Алматы қаласында "Анаферон", "Гропринасин" және "Ингавирин" вирусқа қарсы дәрілік заттармен медицина саласының тағы бір қызметкер әйелі ұсталынды, онда сондай-ақ бұрын осындай дәрі-дәрмектерді сатудан түскен 717 мың теңге сомасында ақшалай қаражат болды. Сауалнама барысында әйел қаланың дәріханаларында аса жоғары бағамен қайта сату және материалдық пайда алу мақсатында тапшы дәрі-дәрмектерді алдын ала сатып алғандығын түсіндірді.
Алматы қаласының тағы бір тұрғыны қаланың жеке дәріханаларының бірінің провизоры бола тұра және дәрі-дәрмектерге қол жеткізе отырып, оларды емдеуді қажет ететін науқастарға жоғары бағамен заңсыз сатқан. Тексеру кезінде әйелде "Ингавириннің" 25 орамы мен 264 мың теңге сомасындағы ақшасы болды.
Шымкент қаласында фармацевт үйінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату бойынша заңсыз бизнес ашты. Тексеру барысында одан жедел респираторлық ауруларды емдеуге арналған 229 түрлі дәрі-дәрмектің 15,5 мыңнан астам қаптамасы алынды. Бұл ретте, алынған дәрілік заттар антисанитарлық жағдайда, тоңазытқыш камераларсыз сақталған. Фармацевтің медициналық препараттарды сатуға лицензиясы болған жоқ. Дәрі-дәрмектерді сатуда әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан Шымкент қаласының тұрғыны тағы бір әйел ұсталды. Жедел сатып алу барысында одан "Левофлаксицин" препаратының 17 қаптамасы алынды.
Қарағанды қаласында Instagram әлеуметтік желісі арқылы "Цеф-3 препаратын сатқан Шахтинск қаласының жеке медициналық мекемесінің қызметкері ұсталды.
Түркістан қаласының аумағында полиция қызметкерлері "Цеф-3" дәрілік затын сату кезінде, 336 орамды жалпы сомасы 405 000 теңгеге қаладағы дәріханалардың бірінің провизорын құрықтады. Антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарды фармацевтермен сату фактілері Түркістан облысының Ордабасы және Созақ аудандарында да анықталды.
Бұдан басқа, медициналық қызмет саласы қызметкерлерінің қатысуымен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың бір фактісі бойынша Орал, Атырау және Петропавл қалаларында анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында Қазақстанға Ресей Федерациясынан жалпы сомасы 2,7 млн теңгеге 5 мыңнан астам дәрі-дәрмек бумасын әкелген жеке косметологиялық клиникалардың бірінің меңгерушісі ұсталды және осындай қызмет түрімен айналысуға лицензиясы болмаса да, оларды сатуға тырысты.
Үш күн ішінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 31,5 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен 68 мыңнан астам түрлі қорғаныш медициналық құралдар мен приборларды тәркіледі.
ІІМ басшысы барлық алынған дәрілік заттар сапаны бақылау және қауіпсіздік комитетіне тапсырылатынын хабарлады.
– Полиция тексерулерді әрі қарай жалғастырады және адамның өмірін сақтап қалуға қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілеріне жол бермейді. Дәрі-дәрмектерді заңсыз және жоғары бағамен сатқандарға тап болған азаматтар дереу полицияға хабарласыңыздар, – деп қорытындылады министр Ерлан Тұрғымбаев.