• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Шілде, 2020

"Скутер" акциясы басталғалы 791 кеме тексерілді

181 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында елімізде "Скутер" жыл сайынғы республикалық акциясы өтуде, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Акция мақсаты – шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалану, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.

Шара басталған 1-маусымнан 28-не дейін 791шағын көлемді кеме (гидроциклдер, катерлер, моторлы кемелер және т.б.) тексеріліп, 124әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 22 шағын көлемді кемені пайдалануға тыйым салынды. Құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Алматы, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында анықталды.

Құқық бұзушылықтардың негізгі түрлеріне келсек:

- жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану – 48 оқиға;

- кемені басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану - 16 оқиға;

- кеме құжаттарынсыз пайдалану - 13 оқиға;

- белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе борт нөмiрлерi жоқ кемелерді басқару - 12 оқиға.

Яғни, акция барысында анықталған бұзушылықтардың ең көп фактілері кемелерді жеке құтқару құралдарынсыз пайдалануға қатысты болды. Ал олардың болмауы адамдардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретіні түсінікті. 

Көлік комитетінің аумақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің база-тұрақтарының және демалыс аймақтары иелерімен шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыс әкімдіктеріне адамдар демалатын және шағын өлшемді флот пайдаланылатын су айдындарында шағын өлшемді кемелердің келуі үшін қоршайтын буйлар мен орындар жасау жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсынымдар жолданды.

Еске сала кетейік, "Скутер" республикалық акциясы – су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Көлік комитеті іске асыратын 2020 жылға арналған флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бір бөлігі.