"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында биыл Алматы облысында 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Мол қаржының нәтижесінде аймақтағы еңбек нарығына да сұраныс артып, 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта мыңға жуық жоба мақұлданып, өңірдің барлық аудандарында жұмыс қызып тұр. Бірақ...
Өкінішке қарай, мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаражатқа қол сұққан жемқорлық әрекеттері де әшкере болып отыр. Мысалы, жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын тұтқындады. Қазір аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген шенеуніктің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, лаузымды тұлға өкілеттілігін асыра пайдаланып, қаладағы "Мүгедектер қоғамы" бірлестігінің директорынан 1 500 000 теңге көлемінде пара сұраған. Яғни, аппарат басшысы "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы" аясында атқарылатын жұмыс боййынша келісімшарт жасауда жеңілдік жасау үшін мүгедек жандардан ақша беруді талап еткен. Қазір қалада "Жол картасы" бойынша қомақты қаржы бөлініп, абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Қоғамдық бірлестік келісім шарт негізінде осы жұмыстың бір бөлігін атқарып, бөлінген ақшаны игеруі тиіс болатын.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірлесіп, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын ұстады. Күдікті қала аумағын аббаттандыру туралы жасалған шарт бойынша қоғамдық бірлестіктің директорына жалпы қолдау көрсеткені үшін 1 500 000 теңге сомасында пара алуды деп айыпталуда. Тергеп-тексеру жалғасуда. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", дейді аса маңызды істер бойынша тергеуші Қайсар Баржақсынов.
Айтпақшы, аппарат басшысы пара алу кезінде қашуға әрекет жасаған. Ол өзін ұстауға келген арнайы қызмет өкілдерін көргенде ағысы қатты өзенге секіріп кетіпті. Күдіктіні құтқаруға тура келген. Өкінішке қарай, лауызымды шенеунікке қатысты бұл оқиға Алматы облысындағы жалғыз мысал емес.
Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі облыстағы "Мемсараптама" кәсіпорыны басшысын мен құрылыс компаниясының директорын ұстаған болатын. Олар "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы» бойынша атқаралатын жұмыс барысында ымыраласып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Атап айтқанда, лаузымды басшы құрылыс жүргізген серіктсестік директорынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
"Бұл іс бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Мемсараптама" кәсіпорының басшысына бюджет қаржысына жөндеуден өткен 1500 орындық мектеп құрылысын мемлекеттік сараптамадан өткізу кезінде ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Ал серіктестік директоры сараптама талаптарын өзгерту үшін 1 млн теңге сомасында пара берген", дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері.
Сондай-ақ бұған дейін облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін ұстаған болатын. Ол шенеунік те кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр. Лаузымды тұлға "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жөндеуден өтуі тиіс құрылыс нысаны бойынша келісім шартты рәсімдеуу кезінде ірі көлемде пара тала петкен. Атап айтқанда, жалпы құны 660 миллион теңге болатын тапсырысты қабылдау үшін әкімнің орынбасары 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде қалтаға баспақшы болыпты.
Өкініштісі, осы тектес тағы бір қылмыс Кербұлақ ауданында да тіркелді. Арнайы қызмет ауданы әкімі аппаратының басшысын ұстаған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталғандай, шенеунік жеке кәсіпкермен ымыраласып, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша бөлінген 5 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған екен.