COVID-19 жер шарын мекендеген адам баласының өмірін әп сәтте өзгертіп жіберді. Дем таусылғанда қоштаса алмай, соңғы сапарға да шығарып сала алмай, қимастарынан айрылғанда абдыраған адамзат бір-біріне көмек қолын созуы тиістігін ұғынғандай. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) осындай сәтте балаларға арналған ертек кейіпкері Арио көмектесуі керек деген екен, хабарлайды Egemen.kz
"Дүниежүзіндегі балалардың өмірі бір сәтте өзгеріп кетті, өйткені олардың көпшілігі адамдардың жүріп-тұруын шектейтін, сондай-ақ үйден шықпау режімін енгізген елдерде тұрады", деген БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Атқарушы Директоры Генриетта Фор керемет кітаптың балаларға жаңа жағдайды түсінуге және оны қабылдауға, жаңа ережелерді мойындап,батыр болуына көмектесетінін айтыпты.
Арио есімді ертектің ғажайып кейіпкері балаға өзін, отбасын және достарын коронавирустан қалай қорғауға болатынын түсіндіреді екен. Індет жайлауымен адамдар арасындағы қатынастарға дейін өзгерген ортада туындаған түрлі абыржу мен уайымды қалай жеңуге болатыны батыр бала Арио арқылы жеткіншекке жеткізіледі.
Жобаны қолға алған ұйымдастырушылар дүниежүзінен 1700-ден астам баладан, олардың ата-аналарынан, тәрбиешілері мен мұғалімдерінен COVID-19 пандемиясы аясында қалай өмір сүріп жатқаны туралы сұрап біліп, олардың басынан кешкендері арқылы кітап дүниеге келген. Нәтижесінде, әлемнің 17 тіліне аударылған кітап жарық көріпті.