• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Шілде, 2020

«Денис Теннің мемориалы» өтеді

142 рет
көрсетілді

Мәнерлеп сырғанаудан 2020-2021 жылғы маусымға арналған жарыстар күнтізбесі жарияланды. Жаңартылған кестеге шағын жарыстар мен әлем чемпионаты да енген, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жарыс кестесі бойынша, мәнерлеп сырғанаудан «Денис Теннің мемориалы» атты халықаралық дода 29 қазан мен 1 қараша аралығында Алматыда ұйымдастырылады. Ал әлем біріншілігі 22-28 наурызда Швецияның Стокгольм қаласында өтеді. Биылғы біріншілік пандемияға байланысты өткізілмеген еді. Айта кетерлігі, жарыстар кестесі коронавирус пандемиясына байланысты өзгеруі мүмкін.