• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Атырау облысының әкімі коронавирусқа шалдыққандардың жағдайымен танысты

1452 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы медициналық қорғаныс киімін киіп, №2 облыстық инфекциялық аурухананың палаталарын  аралады.  Инфекциялық стационардағы науқастарды емдеу барысына қанықты.

"Аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановтың айтуынша, 180 орындық инфекциялық стационарда жансақтау бөліміндегілерді қоса алғанда 192 науқас жатыр. Олардың барлығы –коронавирус инфекциясын жұқтырғандар.  Күн сайын жазылып шыққан пациенттер  үйіне жіберіледі. Немесе амбулаторлық емдеуге ауыстырылады. Пациенттер шыққан соң палаталарға дезинфекциялық жұмыстар  жүргізіліп, келесі күні өзге науқастар жатқызылады" -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Палаталарды аралаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов емделіп жатқан науқастардың жағдайын сұрап, тез жазылуын тіледі.