Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындар сыбайлас дәріханадағы дәрі-дәрмек бағасы туралы шағым түсіріпті. Ал бұл жемқорлыққа қарсы қызмет, "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі, фармацевтикалық бақылау және Атырау қалалық әкімдігінің қызметкерлерінен құралған мониторингтік топ бірнеше дәріханаға тексеріс жүргізуге себеп болып отыр.
"Байзар" сауда ойын-сауық орталығындағы "Зеленая" дәріханасында бағаны көтеру фактісі анықталды. Мұнда "Канефронның" бір данасы 335 теңге, "Флемоксин Солютаб" препаратының бағасы 152 теңгеге өсіріпті. Ал, "На Гурьевской" дәріханасында "Цефазолин" дәрісінің бағасы 18 теңгеге қымбаттатып жіберіпті.
Мониторинг нәтижесі тиісті шара қабылдау үшін фармацевтикалық бақылауға жіберіледі. Тұрғындардан дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына байланысты фактілер анықталса, хабар беруін сұраймыз. Дәрі-дәрмек бағасын шектен тыс көтергені үшін дәріханалар басшылығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426-бабына сәйкес (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналасы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға 70-тен 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген.