• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Ұстаздардан заңсыз ақша жиналмау керек

531 рет
көрсетілді

Жазғы демалыстың басталуымен ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне мектеп оқушыларының ата-аналарынан, сондай-ақ педагогтардан мектепті жөндеу жұмыстарына заңсыз ақша жиналып жатқандығы туралы шағымдар келіп түсуде. Құрылыс материалдарын өз қаражатына сатып алумен қоса мұғалімдер жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуі керек деген тапсырма түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мұғалімдерден заңсыз ақша жинай отырып, оларды кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту - заң талаптарына қайшы екенін ескертеді. 

"Оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша міндеттер жүктей отырып, мектеп директорлары ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңының және ҚР "Білім туралы"  Заңының талаптарын бұзатынын ескертеміз", - дейді  олар. 

Осыған байланысты, ақша қаражаты мәжбүрлеп жиналған немесе мектеп әкімшілігі тарапынан қысым жасалған жағдайда, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ата-аналарды, педагогтарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға шақырады.