• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Қостанай облысында локдаун режімі енгізіледі

796 рет
көрсетілді

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен алдағы сенбі, жексенбі күндері, яғни шілденің 11 мен 13-і аралығында аймақта локдаун режімі енгізіледі. Талап бойынша облыс тұрғындарына үйден жұмысқа бару үшін, сондай-ақ, ем алуға, дәрі-дәрмек, азық-түлік, қоқыс төгуге, жеке көлікпен саяжайға баруға ғана рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ойын-сауық және сауда нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, саябақ, жағажайлар жабылып, қоғамдық көліктер тоқтайды. Алайда қала әкімдігінің келісімімен құрылған арнайы кесте бойынша саяжайларға қатынайтын автобустар қозғалысына шектеу жоқ.

"Әр азаматтың жауапкершілігі елдегі жағдайды түзеуге көмегін тигізеді. Сондықтан, ұсынылған шараларды сақтай отырып, өзіңізді және  жақындарыңызды індеттен қорғауға атсалсыңыз", - деді Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Ю. Севостьянов.

Қостанай облысы