Қу құлқынның қамы не істетпейді? Медициналық бетпердені лицензиясыз сатқан екі тұрғынның әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Полиция қызметкерлері 10 шілдеде "Лесхоз" ықшамауданында екі ер адамды ұстады. Олар осындағы ғимараттың бірінде медициналық бетперделерді лицензиясыз әрі қымбат бағаға сатқан. Ұсталғандардан 137 500 медициналық бетперде тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.